Қытай Қорғаныс министрі Теһранға келді
Сәу 27, 2022 14:30 Asia/Almaty
Қытай Қорғаныс министрі Иран Қарулы күштерінің қолбасшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Теһранға келді.
Қытай Қорғаныс министрі генерал Вэй Фэнхэ сәрсенбі күні ИИР Қарулы күштерінің қайраткерлерімен және Иранның Қорғаныс министрімен келіссөздер жүргізу үшін Теһранға келді. Қытай Қорғаныс министрі Иранның жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесіп, соңғы халықаралық және аймақтық оқиғалар мен қарулы күштер арасындағы өзара әрекеттестік деңгейін жақсарту жолдарын, екіжақты қарым-қатынастар мен өзара мүдделі мәселелерді талқылайды.
Тегтер