Қытай Қорғаныс министрі Теһранға келді
https://itolqyn.com/news/world-i60628-Қытай_Қорғаныс_министрі_Теһранға_келді
Қытай Қорғаныс министрі Иран Қарулы күштерінің қолбасшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Теһранға келді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 27, 2022 14:30 Asia/Almaty
  • Қытай Қорғаныс министрі Теһранға келді

Қытай Қорғаныс министрі Иран Қарулы күштерінің қолбасшыларымен келіссөздер жүргізу үшін Теһранға келді.

 

Қытай Қорғаныс министрі генерал Вэй Фэнхэ сәрсенбі күні ИИР Қарулы күштерінің қайраткерлерімен және Иранның Қорғаныс  министрімен келіссөздер жүргізу үшін Теһранға келді. Қытай Қорғаныс министрі Иранның жоғары лауазымды қайраткерлерімен кездесіп, соңғы халықаралық және аймақтық оқиғалар мен қарулы күштер арасындағы өзара әрекеттестік деңгейін жақсарту жолдарын, екіжақты қарым-қатынастар мен өзара мүдделі мәселелерді талқылайды.