Иран мен Ресей тасымал саласында жан-жақты келісімге қол қойды
Иранның Жол және қала құрылысы министрі мен Ресейдің Тасымал министрі Мәскеуде екі елдің түрлі салалардағы әріптестігі туралы жан-жақты келісімге қол қойылды.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі осы келісімге қол қою рәсімі аясында сөйлеген сөзінде: "Иран көршілес елдермен әріптестікті дамытуға ынталы. Иран 15 елмен шектесіп жатыр. Осы арада Ресей – біз үшін тарихи маңызы зор көрші",-деді.
Қасеми: "Егер Иран мен Ресей тығыз әріптестік жасаса, АҚШ пен Батыстың осы екі елге қарсы салған санкциялары еш әсер бермейді. Кез келген сауда тасымал саласының дамуын қажет етеді. Екі елдің арасында тасымал саласында келісімге қол қойыла алады",-деді.
Иранның Жол және қала құрылысы министрі: "Екі ел арасындағы экспорт пен Ресейдің Иран арқылы басқа елдерге экспорты жайлы келісім жасалып, қысқа уақыттың ішінде орындала алады",-деді.