Дүниежүзілік Құдс күнінің маңызы мен философиясы және басқа символдық күндерден түбегейлі айырмашылығы
(last modified Fri, 29 Apr 2022 15:28:55 GMT )
Сәу 29, 2022 21:28 Asia/Almaty
  • Дүниежүзілік Құдс күнінің маңызы мен философиясы және басқа символдық күндерден түбегейлі айырмашылығы

Рамазан айының соңғы жұмасы Иран Ислам Республикасының негізін қалаушы имам Хомейнидің (ғ.) бастамасымен Дүниежүзілік Құдс күні деп аталды. Сөйтіп осы күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандар сионистік режимнің шовинистік саясатына жиіркеніштерін білдіретін болды.

Дүниежүзілік Құдс күні әрқилы қолданыс аясына қатысты бірнеше мақсатта белгіленді.

Біріншіден, Палестина және әсіресе Құдс пен әл-Ақса мешіті мұсылмандардың алғашқы құбыласы ретінде мұсылмандардың бірлігі мен тілеулестігін нығайту орталығына айналды. Бұл мынаны білдіреді: Палестина жерінің жаулап алынуына әкеліп соқтырған басты қиыншылық – мұсылмандар арасында ауызбірліктің болмауы.

Екіншіден, Дүниежүзілік Құдс күнінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандардың әрқайсысына үндеу тасталады. Олардың тарихи рөлі мен жауапкершілігі баса айтылады. Бұл тақырып мына тұрғыдан маңызды: біріншіден, мұсылмандар – сан жағынан ең көп діни жамағат. Әлемде 2 млрд-қа жуық адамды құрайды. Екіншіден, ислам және араб үкіметтеріне керісінше тікелей Батыс елдері мен сионистік мафияның қысымына түспейді. Олар палестиналықтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін шеру өткізу немесе Израильді демеушілердің тауарларына байкот жариялау сияқты қолдарында бар құралдарды пайдаланады.

Үшіншіден, Алла қонақасы беретін Рамазан айында өтетін Дүниежүзілік Құдс күнінің діни-сенімдік маңызы бар. Сондықтан оған жеңіл қарауға болмайды.  

Осы мәселелердің жиынтығы Дүниежүзілік Құдс күнін бір күнмен шектелетін символдық шара емес, сындарлы идеологиялық мектеп пен диалогқа айналдырды. Бұл күнде мұсылмандардың жауапкершілік сезімі нығайтылатындықтан Палестина азат етіліп, шынайы иесіне қайтарылатынына үміт артады. Бұл диалогта палестиналықтар жалғыз емес, барша мұсылманның қолдауына ие. Олар өздерінің діни және адами міндеттерін орындау үшін өз үкіметтерінен рұқсат алуды қажет етпейді. Сондықтан Дүниежүзілік Құдс күні мұсылмандар арасында қаншалықты шынайы орынға ие бола түссе, палестиналықтардың құқықтары  орындалып, жерлерінің қайтарылатынына үміт соншалықты арта түседі.