Рухани Иран мен Оңтүстік Африканың қарым- қатынасын нығайтуды қуаттады
ИИР президенті Иран халқының Оңтүстік Африканың апартеид режимімен күресі кезінде әрдайым осы елдің халқының жанынан табылып, оларға қолдау көрсеткенін мәлімдеді.
ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні Теһранда Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зумамен бірлескен ақпарат отырысында Оңтүстік Африканы маңызды ел деп атап, Джейкоб Зуманың Теһранға жасаған сапарының мақсатын екі маңызды ел – Таяу Шығыстың сезімтал аймағындағы ықпалды ел Иран мен Африка құрлығындағы маңызды ел Оңтүстік Африканың қарым- қатынастарын нығайту деп мәлімдеп: «Оңтүстік Африкада апартеид режимінен кейінгі үкімет өз қызметіне кірісіп, Африка ұлттық конгресі билікті қолға алған кезден Иран ислам республикасы әрдайым Оңтүстік Африка республикасымен жақын достық байланыста болды» деді.
Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зума да осы кездесуде сөйлеген сөзіде: «Иран ислам республикасы Оңтүстік Африка халқы күрестерінің тарихында аса маңызды орынға ие. Иран апартеидпен қарсыласудың алғы шебінде болып, ең басынан бастап Оңтүстік Африкамен өзінің бірлігін жариялап, апартеидке қарсылық білдірді» деді.
Оңтүстік Африка президенті сондай- ақ Иран ислам республикасын аймақтағы алпауыт елдердің бірі деп атап, Теһран мен Кейптаун байланысын кеңейтуге мүдделілік танытты.
Сондай- ақ Теһран мен Претория арасындағы ынтымақтастық меморандумдарына Иран мен Оңтүстік Африканың жоғары мәртебелі қайраткерлері екі елдің президенттері Хасан Рухани мен Джейкоб Зуманың қатысуымен қол қойды.