Maм 04, 2022 17:12 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: АҚШ саяси бастама бағытында қадам жасауы керек

Иран Сыртқы істер министрі: «АҚШ үкіметі Трамптың заңсыз қатынасын түзеумен қатар, саяси бастама бағытында қадам жасауы керек»,-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан Ирландия Сыртқы істер министрі Саймон Ковенимен телефон арқылы сұхбатта: «Біз Украина, Йемен, Палестина, Ауғанстан мен әлемнің басқа жерлерінде соғыстар мен адамдардың босқынға айналуына қарсымыз. Тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін саяси шешім жолдарын табу керек»,-деді.

Амир Абдуллахиан, сондай-ақ, Вена келіссөздеріне тоқталып: «ИИР саяси бастамалармен қоса, санкцияларды жоюға бағытталған келіссөздерде тиімді, мықты да тұрақты келісімге келуге қажетті ерік-жігерін іс жүзінде көрсетті»,-деді.

Ирландия Сыртқы істер министрі де осы телефон арқылы сұхбатта Украина соғысы салдарынан халықаралық текетірестердің көбейгеніне алаңдаушылық білдірді.

Ковени: «Исландия халықаралық текетірестерді азайтуға және ядролық келісімге жетуге бар күшін салады»,-деді.

Тегтер