Армения халқы армяндар қырғынының жылдығында ауқымды шеру өткізді
https://itolqyn.com/news/world-i6088-Армения_халқы_армяндар_қырғынының_жылдығында_ауқымды_шеру_өткізді
Арменияның ондаған мың халқы Ереванда ауқымды шеру өткізумен «армяндар геноциді» деп атаған оқиға құрбандарын еске алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2016 20:46 Asia/Almaty
  • Армения халқы армяндар қырғынының жылдығында ауқымды шеру өткізді

Арменияның ондаған мың халқы Ереванда ауқымды шеру өткізумен «армяндар геноциді» деп атаған оқиға құрбандарын еске алды.

Иран студенттерінің ақпарат агенттігі ИСНА-ның ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Армения астанасындағы шеруге кем дегенде 15 мың адам қатысып, Түркия мен Әзірбайжан республикасының жалауларын өртеді.

Армения қайраткерлері көп жылдан бері осы оқиғаның өзге елдер тарапынан жасалған геноцид ретінде ресми деп танылуы үшін талпыныс жасап жатыр.

Осы арада бірнеше ел, соның ішінде Грекия, Франция және Ресей заң қабылдап, армяндардың 1915 жылы жаппай өлтірілуін айыптаған.

Анкара үкіметі оны ресми деп танымай отырған армяндардың османдықтардың қолынан өлтірілуі ондаған жыл Армения мен Түркия байланысында текетірес факторы болған. Екі елдің 330 шақырым ортақ шекарасы бола тұра өзара дипломатиялық байланыстары жоқ.