Иран Президенті: Кез келген шетелдік араласу аймақтың қауіпсіздігіне зиян тигізеді
https://itolqyn.com/news/world-i60988-Иран_Президенті_Кез_келген_шетелдік_араласу_аймақтың_қауіпсіздігіне_зиян_тигізеді
Иран Президенті Ибраһим Раиси Катар әмірі Тамим бен Хамд әл-Санимен бірге өткізген баспасөз отырысында аймақ мәселелеріне тоқталып: «Шет елдер мен батыстықтардың аймақ істеріне араласуы қауіпсіздікті нығайтпайды»,-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 12, 2022 21:51 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Кез келген шетелдік араласу аймақтың қауіпсіздігіне зиян тигізеді

Иран Президенті Ибраһим Раиси Катар әмірі Тамим бен Хамд әл-Санимен бірге өткізген баспасөз отырысында аймақ мәселелеріне тоқталып: «Шет елдер мен батыстықтардың аймақ істеріне араласуы қауіпсіздікті нығайтпайды»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Президенті Теһран мен Доханың аймақ мәселелерін шешуге қатысты ортақ көзқарасқа ие екенін айтып: «Йемен қоршауы тез арада жойылуы керек. Халық өз елі үшін шешім қабылдауы тиіс»,-деді.  

Раиси: «Ауғанстан халқы да өз елінде инклюзивті үкіметке ие болуы керек. Онда барлық саяси топтар мен қауымдардың өкілдері атсалысып, елде тұрақты қауіпсіздік орнауы тиіс»,-деді.

Сонымен қатар Иран Президенті Палестина туралы: «Газа секторы халқын қоршау да жойылып, сионистік режим жасап жатқан қорқынышты қылмыстар тоқтатылуы тиіс»,-деді.

Раиси кеше палестиналық тілші Ширин Абу Акленің Израиль әскерилерінің қолынан шәһид болғанына байланысты көңіл айтып: «Мұндай қылмыстар сионистік режим үшін қауіпсіздік тудырмайды, керісінше халықтың сионистік режимге деген жиренішін одан ары арттырады»,-деді.   

Катар әмірі Тамим бен Хамд әл-Сани: «Аймақтағы қайшылықтарды тек диалог арқылы шешуге болады. Иран Президентімен Палестина, Сирия, Ирак және Йемен туралы сұхбаттастық»,-деді.