Мариупольдегі украин әскерінің тапсырылуы
https://itolqyn.com/news/world-i61094
Украина бұрынғы позицияларынан шегініп, Мариупольдегі соңғы базасынан барлық күштерін шығаратынын мәлімдеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 17, 2022 16:29 Asia/Almaty

Украина бұрынғы позицияларынан шегініп, Мариупольдегі соңғы базасынан барлық күштерін шығаратынын мәлімдеді.

Мариупольдегі Украинаның соңғы әскери базасы – «Азовсталь» болат кешені жетпіс күнге жуық ресейлік әскерилердің қоршауында. «Азовстальдің» эвакуациялануы бұл стратегиялық қаланың Ресейге толық берілгенін білдіреді. Reuters: «Азовсталь» кешенін эвакуациялау Украинадағы соғыстағы ең ұзақ және ең қанды шайқасты Киев үшін айтарлықтай жеңіліспен аяқтауы мүмкін»,- деп хабарлады. Кеше кешке тағы бірқатар украин әскері «Азовстальдан» шығып, Ресейге берілді. Украина президенті Владимир Зелинский Мариупольден украин әскерлерінің шығарылғанын растады.