Қазақстан Түркияда өтетін әскери жаттығуға қатысады
(last modified Thu, 19 May 2022 12:57:51 GMT )
Maм 19, 2022 18:57 Asia/Almaty
  • Қазақстан Түркияда өтетін әскери жаттығуға қатысады

Қазақстан Қорғаныс министрлігі қазақ күштерінің Түркияда өтетін Эфес-2022 әскери жаттығуына қатысатынын растады.

Қазақстан Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні: "Түркияда 40 елдің әскерилерінің қатысуымен өтетін Эфес-2022 әскери жаттығуына қазақ күштері қатысады",-деп хабарлады.

Измирде бірлескен әскери жаттығу өткізудің мақсаты қатысушы елдердің теңіз және құрлық күштерінің ортақ амалдар жүргізу үшін жауынгерлік шеберлігін арттыру деп жарияланды.

Әскери жаттығудың бірінші бөлімі компьютерлік технология мен электронды есептеу жүйелерін пайдаланып, басқаруға арналған. Екінші бөлімде әскери бөлімшелердің тікелей оқ атуы жоспарланған.

Эфес-2022 әскери жаттығуы 28 мамырда басталып, 9 маусымға дейін жалғасады.