Ресей зымыранына "Сармат" атауы берілген
Ресейдің зымырандық күштерінің қолбасшысы: "Ержүрек ирандық тайпаның атымен аталған "Сармат" зымыраны Ресейдің дұшпандардан кек алар қылышы болады",-деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің стратегиялық зымырандық күштердің қолбасшысы Сергей Каракаев елдің қорғаныс қабілетіне тоқталып: "Сармат" атты жаңа құрлықаралық зымыран – Ресейдің дұшпандардан кек алар қылышы",-деп мәлімдеді.
Сергей Каракаев "Сармат" зымыранының жоғары дәлдікке ие екенін айтып: "Бұл зымыран дұшпандарға Ресейдің өз-өзін қорғай алатынын ескертеді",-деді.
Сармат – Ресейдің алты жаңа стратегиялық қаруының бірі. 2018 жылы 1 наурызда оны Путин таныстырды. Ол 10 тонна жүк, соның ішінде 10 ауыр оқтұмсық немесе 15 жеңіл оқтұмсық тасымалдай алады. Зымыранның ұзындығы 35,5 метр, диаметрі 3 метр.