Ресей АҚШ пен оның одақтастарының Ауғанстанды қалпына келтіру шығындарын төлеуі қажеттігін қуаттады
Ресей Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев: «АҚШ пен оның одақтастары Ауғанстанға айтарлықтай зиян келтірді, сондықтан бұл елді қалпына келтіруге қажет қаржыны өз мойнына алуы керек»,- деді.
Патрушев жұма күні Душанбеде Ауғанстан бойынша консультативтік кездесудің төртінші раундында сөйлеген сөзінде: «Біз батыстықтардың ауған жерінде жасағандарынан кейін олардың олардың бұл жерде геосаяси ойындарын жалғастыруға құқы жоқ екеніне сенімдіміз»,- деп баса айтты. Ресей Ауғанстанның 20 жыл бойы басып алынуы және оның келтірген қирауы мен өлімін ескере отырып, АҚШ пен оның НАТО-дағы одақтастарының Ауғанстанды қалпына келтіруді қаржыландыру қажеттігін баса айтты. Вашингтон осы уақыт ішінде Ауғанстанды қалпына келтіру үшін миллиардтаған доллар жұмсағаны туралы уәжденді. Дегенмен, АҚШ-тың Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі бас инспекторының (SIGAR) айтуынша, бұл бюджеттің айтарлықтай бөлігі босқа жұмсалды. Арнайы инспектор Джон Сопко 2021 жылдың наурыз айындағы баяндамасында: «Көптеген пайдаланылмаған негізгі құралдардың заңсыз иемдену немесе босқа қалуы фактісі қаржыландыру агенттіктерін алаңдатуы керек», - деді. Өткен жылдары Сопко АҚШ-тың Пентагон, Мемлекеттік департамент, сондай-ақ Ауғанстандағы НАТО сияқты мемлекеттік мекемелерінің әсіресе Ауғанстан әскері үшін АҚШ-тың әскери жобаларында миллиондаған долларды жымқырғанын қуаттады. Шындығында, американдықтар Ауғанстанда жұмсаймыз деп отырған қаржы ресурстары соғыс пен жаппай күйреуден зардап шеккен ауған халқының өмірін жақсартуға аз әсер етті. Енді ешбір ел мойындамаған тәліптер Ауғанстанды өз бақылауына алған соң, ауған халқының жағдайы нашарлап барады. Ресейдің жоғары қауіпсіздік шенеунігі қазір Ауғанстандағы жағдайды жақсарту, әсіресе оны қалпына келтіру аймақ елдерінің ынтымақтастығынсыз және, әрине, АҚШ пен оның серіктестерінің қаржыландыруынсыз мүмкін емес екенін баса айтты.