Еуразия одағында ұлттық валюталар қолданылады
https://itolqyn.com/news/world-i61392-Еуразия_одағында_ұлттық_валюталар_қолданылады
Еуразия одағының экономикалық комиссиясы осы одаққа мүше елдер арасындағы есеп-қисаптың ұлттық валюталар негізінде жүзеге асырылатынын растады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 29, 2022 18:42 Asia/Almaty
  • Еуразия одағында ұлттық валюталар қолданылады

Еуразия одағының экономикалық комиссиясы осы одаққа мүше елдер арасындағы есеп-қисаптың ұлттық валюталар негізінде жүзеге асырылатынын растады.

Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Ресей, Иран мен Қытай доллардан арылып, сауда-саттықта ұлттық валюталарды қолдана бастады. Бұл тәсіл басқа елдер мен аймақтық одақтарға да таралды.

Еуразия одағы экономикалық комиссиясының сарапшылары: "Осы аймақтық одаққа мүше елдер арасында сауда-саттықта ұлттық валюталар қолданысы 75 пайызға артты",-деді.  

Ал бұл жағдайда 2013 жылы Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің ұлттық валюталарын қолдану 63 пайыз деп бағаланған болатын.

Одақ аумағындағы доллардың үлесі 2013 жылы 30 пайызды құраса, 2021 жылы 19 пайызға азайды.

Еуразия одағы экономикалық комиссиясының сарапшылары сауда айналымында ұлттық валюталар қолданысының 85 пайызға жететініне сенімді.