Раиси: Аймақ елдері шаңды дауылдарға қатысты өз міндеттемелерін орындауы тиіс
(last modified Mon, 30 May 2022 14:02:05 GMT )
Maм 30, 2022 20:02 Asia/Almaty
  • Раиси: Аймақ елдері шаңды дауылдарға қатысты өз міндеттемелерін орындауы тиіс

Иран Президенті бүгінде шаңды дауылдарға қарсы тұру аймақтың ортақ тақырыбына айналғанын айтып: «Аймақтағы барлық елдер осы мәселеге қатысты өз міндеттемелерін орындайды деп күтеміз»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибрахим Раиси Ирак Премьер-министрі Мұстафа Каземимен телефон арқылы сұхбаттасып, Ирак халқы қозғалысының даму үстіндегі үдерісіне және саяси топтар мен ағымдардың Иракта жаңа үкімет құруға бағытталған әрекеттестігіне ризалық білдіріп: «Ирак Парламентінде сионистік режиммен қарым-қатынасты қалыптандыруға тыйым салу заңының бекітілгені дұрыс болды»,-деді.

Мұстафа Каземи де осы телефон арқылы сұхбатта Раисидің Ирак Парламентінің шешімін мақтағанына ризалық білдіріп: «Палестина тек мұсылмандардың мәселесі емес, әлемде әділеттік талап ететін барша адамдарға қатысты мәселе. Ирак үкіметі мен Парламенті де Палестина халқын қолдау үшін бірқатар шаралар мен шешімдер қабылдады»,-деді.

Тегтер