Maм 30, 2022 21:22 Asia/Almaty
  • Иран мен Тәжікстан арасында 17 ынтымақтастық құжатына қол қойылды

Иран мен Тәжікстан арасында саясат, экономика, сауда және туризм салаларында 17 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран мен Тәжікстанның жоғары лауазымды басшылары екі ел президенттері Ибраһим Раиси мен Эмомали Рахмонның қатысуымен саясат, экономика, сауда, тасымал, инвестиция, энергетика, жаңа технология, қоршаған орта, спорт, сот, білім, зерттеу және туризм салаларында 17 ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

Бұл құжаттарға Иран мен Тәжікстанның Сыртқы істер, Сауда, кен және өнеркәсіп, Жол және қала құрылысы, Қаржы және экономика, Мәдени мұра және туризм, Әділет, Спорт және жастар, Кооператив, еңбек және әлеуметтік қамту министрліктері мен Биржа және құнды қағаздар ұйымдары басшылары,  Сауда, өнеркәсіп, кен және ауыл шаруашылығы палаталарының төрағалары тарапынан қол қойылды.

Тегтер