Иран мен Ресейдің Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі ынтымақтастығы
(last modified Thu, 24 Apr 2025 14:46:51 GMT )
Сәу 24, 2025 20:46 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің Солтүстік-Оңтүстік дәлізіндегі ынтымақтастығы

ParsToday - Иранның Ресейдегі елшісі екі елдің әртүрлі салаларда, соның ішінде Солтүстік-Оңтүстік дәлізі, транзиттік жобалар және газ тасымалдау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудағы табандылығын жариялап, Иранның қауіпсіздігі мен халықаралық мәртебесін арттыру үшін сауда алмасуды күшейту және ортақ жобаларды аяқтау қажеттігін қуаттады.

Сейед Казем Джалали Иран-Ресей экономикалық ынтымақтастық тұрақты комиссиясының 18-ші отырысына қатысушы ирандық мүшелермен кездесуінде: «Теһран мен Мәскеудің қарым-қатынастары артып, ынтымақтастық жолдары ашық және олар қазір өзінің алтын дәуірін бастан кешіруде»,- деді. Иранның Ресейдегі елшісі көршілестік элементіне екі ел арасындағы қарым-қатынасты күшейтетін факторлардың бірі ретінде тоқталып: «Иран мен Ресейдің көршілестігін ескере отырып, екі жақтың қарым-қатынасын дамыту қажеттілік болып табылады»,-деді.