Раиси: Өзара сауда-саттықтың артуы – Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасындағы өзгерістің белгісі
(last modified Mon, 30 May 2022 16:30:02 GMT )
Maм 30, 2022 22:30 Asia/Almaty
  • Раиси: Өзара сауда-саттықтың артуы – Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасындағы өзгерістің белгісі

Иран Президенті Тәжікстан Президентімен ортақ баспасөз отырысында: «Сауда айналымының төрт есе артуы – Иран мен Тәжікстанның қарым-қатынасындағы өзгерістің белгісі»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси ортақ баспасөз отырысында өзінің Душанбеге сапарынан кейін екі ел қарым-қатынасының өзгергені соншалықты, бүгінде тек сауда саласында айналымның 4 есе артқанына тоқталып: «Басқа салаларда да жақсы қадамдар жасалып, Душанбеде меморандумдарға қол қойылды»,-деді.  

Раиси: «Бүгін Тәжікстан Президентінің Теһранға сапары барысында жаңа меморандумдарға қол қойылды. Саясат, экономика, сауда, мәдениет, энергетика, туризм, кен, ғылым және технология салаларында үлкен қадам жасалатынында күмән жоқ»,-деп еске салды.

Иран Президенті Ауғанстан туралы: «Иран мен Тәжікстанның ортақ пікірі бойынша, Ауғанстанда тыныштық, қауіпсіздік пен тұрақтылық орнатылуы керек. Бұл елде лаңкестердің болуы алаңдатады»,-деді.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон ортақ баспасөз отырысында Иран Президентінің Теһранға шақырғанына алғыс айтып, екі елдің жеке сектор өкілдері арасында қарым-қатынасты жандандыру керегін айтты.

Эмомали Рахмон: «Иран мен Тәжікстанның еркін аймақтары мен өнеркәсіп қалашықтары арасында әріптестікті дамыту екі елдің мүддесіне сай келеді»,-деді.