Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына ортақ валюта енгізу туралы ресми ұсыныс жасады
(last modified Thu, 02 Jun 2022 09:44:38 GMT )
Маусым 02, 2022 15:44 Asia/Almaty
  • Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына ортақ валюта енгізу туралы ресми ұсыныс жасады

Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары өз елінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында сауда айналымын жеңілдету үшін ортақ валюта енгізуге ұсыныс жасағанын хабарлады.

Мехди Сафари: «Бір жарым ай бұрын Иран бақылаушы ел ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына хат жолдап, мүше елдер арасында ортақ валюта енгізуге ұсыныс жасады»,-деді.

Мехди Сафари: «Егер бұл идея жүзеге асса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мен Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ресей сияқты алпауыт елдер арасында сауда мәселелері шешілетін болады»,-деді.