Иран Шанхай ынтымақтастық ұйымына ортақ валюта енгізу туралы ресми ұсыныс жасады
Маусым 02, 2022 15:44 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің экономикалық дипломатия жөніндегі орынбасары өз елінің Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасында сауда айналымын жеңілдету үшін ортақ валюта енгізуге ұсыныс жасағанын хабарлады.
Мехди Сафари: «Бір жарым ай бұрын Иран бақылаушы ел ретінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына хат жолдап, мүше елдер арасында ортақ валюта енгізуге ұсыныс жасады»,-деді.
Мехди Сафари: «Егер бұл идея жүзеге асса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер мен Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ресей сияқты алпауыт елдер арасында сауда мәселелері шешілетін болады»,-деді.
Тегтер