Байден АҚШ-та құрғақ сүт тапшы екенінен хабарсыз
https://itolqyn.com/news/world-i61484
АҚШ Президенті өз үкіметі қызметкерлерінің елде құрғақ сүт тапшылығы болып жатқаны жайлы сөздеріне кереғар ой айтып: «Осындай қиыншылық барын екі айдан кейін білдім»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 02, 2022 17:05 Asia/Almaty
  • Байден АҚШ-та құрғақ сүт тапшы екенінен хабарсыз

АҚШ Президенті өз үкіметі қызметкерлерінің елде құрғақ сүт тапшылығы болып жатқаны жайлы сөздеріне кереғар ой айтып: «Осындай қиыншылық барын екі айдан кейін білдім»,-деді.

АҚШ-та құрғақ сүт тапшылығы жалғасып жатқан шақта Джо Байден сәрсенбі күні: «Жеке басым екі ай бұрын құрғақ сүт өндіретін зауыттың жабылғанын, өнімдерін қайтарып алғанын, соның салдарынан нәрестелерге беретін құрғақ сүт тапшылығы пайда болғанын сәуір айының басына дейін білмеппін»,-деді.  

Ал негізі Ақ үй ақпан айынан бастап тәулік бойы осы мәселені шешумен айналысып жатқанын сан рет мәлімдеді. АҚШ-тағы құрғақ сүт тапшылығы Вашингтонда қызу талқыланып жатыр.