Қазақстанда өтіп жатқан Болат Тұрлыханов кубогында екі ирандық палуан финалға шықты
(last modified Sat, 04 Jun 2022 15:33:46 GMT )
Маусым 04, 2022 21:33 Asia/Almaty
  • Қазақстанда өтіп жатқан Болат Тұрлыханов кубогында екі ирандық палуан финалға шықты

Иранның 97 және 125 кг салмақтағы палуандары Қазақстанда еркін күрестен өтіп жатқан "Болат Тұрлыханов кубогы" атты халықаралық жарыста бәсекелестерін жеңіп, финалға жол тартты.

Иранның 97 салмақтағы палуаны Амирхұсейн Фирузпур бірінші айналымда демалған соң екінші айналымда 8:3 есебімен Қазақстанның палуаны Ақжан Айтбековты жеңіп, жартылай финалға шықты.

Фирузпур осы кезеңде Өзбекстанның палуаны Мұхаммадрасул Рахимовты 15:4 есебімен жеңіп, финалға шықты.  

Бұл ирандық палуан финалда өзбек палуаны Магомед Ибрагимов пен словак палуаны Чаколовтың белдесуінде жеңген тараппен бәсекеге түсетін болады.

Иранның 125 кг салмақтағы палуаны Амирхұсейн Заре алғашқы айналымда 9:7 есебімен қазақстандық палуан Олег Болтинді жеңсе, жартылай финалда моңғол палуаны Лхагвагэрэл Мунхтурдан 3:0 есебімен басым түсіп, финалға шықты.

Заре финалда Үндістан мен Қазақстан палуандарының белдесуінде жеңген тараппен бақ сынасатын болады.

Қазақстанның Алматы қаласында сенбі күні еркін күрестен "Болат Тұрлыханов кубогы" атты халықаралық жарыс басталды.