Путин  Украинаның қару-жарағын жоюды  жаңғақты  жарумен салыстырды
https://itolqyn.com/news/world-i61548
Ресей президенті сенбі күні мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген сөзінде Ресейдің Украинадағы Батыс қаруларын  жоюын  жаңғақты жарумен салыстырды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 05, 2022 18:27 Asia/Almaty
  • Путин  Украинаның қару-жарағын жоюды  жаңғақты  жарумен салыстырды

Ресей президенті сенбі күні мемлекеттік телеарнасынан сөйлеген сөзінде Ресейдің Украинадағы Батыс қаруларын  жоюын  жаңғақты жарумен салыстырды.

 

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің мәліметінше, Владимир Путин: «Ресейдің зениттік зеңбіректері Украинадағы Батыс қаруларын жай ғана атып түсіреді,   ресейлік қару-жарақ үшін оларды нысанаға алу жаңғақ сындырумен бірдей. Ресей президенті   Украинадағы америкалық қару туралы сұраққа: «Ресей бұл қаруларға бірнеше рет қарсы шықты және оларды оңай жеңе алады»,- деп жауап берді. Путин Украинаның қару-жарағының түрлерін айтпады, бірақ бұл елдің үкіметі Украинаның әртүрлі жағдайларда пайдаланған ұшақтары мен зымырандарын жойғанын бірнеше рет мәлімдеген.