Маусым 05, 2022 18:35 Asia/Almaty
  • Ульянов: Батыстың Иранға қарсы қарар жобасы мағынасыз

Ресейдің Австрия астанасы Венадағы халықаралық ұйымдардағы өкілі Twitter-дегі парақшасында Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Басқарушылар кеңесінің отырысында ұсынылуы жоспарланған Батыстың Иранға қарсы қарар жобасының мағынасыз екенін айтты.

 

 

 

 

Iran Press баспасөз ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Михаил Ульянов сенбі күні кешке Twitter-дегі хабарламасында АҚХА Басқарушылар кеңесінің дүйсенбі күнгі отырысында Батыстың Иранға қарсы сыни қарарының көтерілуі мүмкін екені туралы: «Шын мәнінде Батыстың Иранға қатысты қарар жобасының мағынасы жоқ, өйткені ол   Агенттік пен Иран арасындағы қарым-қатынасқа оң әсер етпейді.  Егер Батыс елдері тығыз өзара әрекеттесу қажеттілігі туралы сигнал жібергісі келсе (Ресей оны қолдайды), оны сөзбен де жеткізуге болады»,- деп жазды. Ол басқа твитінде: «Егер АҚХА Басқарушылар кеңесі келесі аптада Иранға қатысты Батыстың қарарын қабылдаса, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын  жандандыру саласындағы Вена келіссөздерінің сәтті аяқталу перспективасы бұлыңғыр болады»,- деп ескертті.

  

 

 

Тегтер