Қазақстанда Сирияға қатысты «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді
(last modified Thu, 09 Jun 2022 12:21:18 GMT )
Маусым 09, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Сирияға қатысты «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді

Сирия дағдарысын толық шешу мақсатында Қазақстанда «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді.

Unews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі бейсенбі күні: «Сирия дағдарысын толық шешуге арналған Астана үдерісі маусым айының ортасында өтеді»,-деп хабарлады.  

Осы орайда Ресей Президентінің Батыс Азия және Африка істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов Астана отырысы туралы: «Бастапқы келісімдер жасалды. Барлық нәрсе жоспар бойынша жүзеге асса, осы отырыста оң нәтижеге қол жеткіземіз»,-деп үміт білдірді.

Тегтер