Қазақстанда Сирияға қатысты «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді
https://itolqyn.com/news/world-i61654-Қазақстанда_Сирияға_қатысты_Астана_үдерісі_келіссөздерінің_жаңа_кезеңі_өтеді
Сирия дағдарысын толық шешу мақсатында Қазақстанда «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 09, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Сирияға қатысты «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді

Сирия дағдарысын толық шешу мақсатында Қазақстанда «Астана үдерісі» келіссөздерінің жаңа кезеңі өтеді.

Unews ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан үкіметі бейсенбі күні: «Сирия дағдарысын толық шешуге арналған Астана үдерісі маусым айының ортасында өтеді»,-деп хабарлады.  

Осы орайда Ресей Президентінің Батыс Азия және Африка істері жөніндегі арнайы өкілі Михаил Богданов Астана отырысы туралы: «Бастапқы келісімдер жасалды. Барлық нәрсе жоспар бойынша жүзеге асса, осы отырыста оң нәтижеге қол жеткіземіз»,-деп үміт білдірді.