Украинаның артиллериялық оқ-дәрілері таусылды
https://itolqyn.com/news/world-i61682-Украинаның_артиллериялық_оқ_дәрілері_таусылды
Украина Президентінің әскери барлау істері жөніндегі орынбасары: «Украина өз артиллериялық оқ-дәрілерінің барлығын дерлік жұмсады. Қазір НАТО-ның оқ-дәрілерін қолданып жатыр»,-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Маусым 10, 2022 15:55 Asia/Almaty
  • Украинаның артиллериялық оқ-дәрілері таусылды

Украина Президентінің әскери барлау істері жөніндегі орынбасары: «Украина өз артиллериялық оқ-дәрілерінің барлығын дерлік жұмсады. Қазір НАТО-ның оқ-дәрілерін қолданып жатыр»,-деді.

Украина Президентінің әскери барлау істері жөніндегі орынбасары Вадим Скибитский оқ-дәрі тапшылығына тоқталып: «Енді бәрі Батыс берген заттарға тәуелді болмақ. Украинада Ресейдің 10-15 зеңбірегіне қарсы бір-ақ зеңбірек бар»,-деді.

Украина Президентінің әскери барлау істері жөніндегі орынбасары: «Украинаға әскери көмек береміз деп уәж айтқан Батыс елдері уәде еткен қару-жарақтардың 10 пайызын ғана Киевке жеткізді»,-деді.