«Астана үдерісінің» он сегізінші отырысы өтіп жатыр
(last modified Thu, 16 Jun 2022 09:48:38 GMT )
Маусым 16, 2022 15:48 Asia/Almaty
  • «Астана үдерісінің» он сегізінші отырысы өтіп жатыр

Сирияға қатысты «Астана үдерісінің» он сегізінші отырысы 16 маусымда Нұр-Сұлтанда үш кепілгер ел өкілдерінің қатысуымен басталып, бүгін жалғасын табады.

Астана үдерісі 2017 жылы 23 қаңтарда басталды. Бұл үдеріс БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарарына негізделген. Онда Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау керегі баса айтылған. Астана үдерісіне төрт ойыншылар тобы қатысады: Сирия үкіметі мен оның оппозиционерлері, кепілгер елдер, бақылаушы елдер, БҰҰ мен кейбір халықаралық ұйымдардың өкілдері.

«Астана үдерісі» отырыстарының ең маңызды жетістіктерінің бірі Сирияда текетірестердің азаюы болды. Бұл отырыстар басталғалы бері Сирияның түрлі аудандарында текетірес азайды, осы аудандарға гуманитарлық көмектер жіберуге мүмкіндік пайда болды.

2021 жылы желтоқсанда Нұр-Сұлтанда 17-ші отырыс өтті. 6 ай өткен соң 18-ші отырыс ұйымдастырылды. Бұл отырыста Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Айман Сусан Түркияның әрекеттерін, әсіресе оның Сирияның солтүстігіне қайта-қайта шабуыл жасағанын қатты сынап, мұны халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу және Астана үдерісінің жетістіктеріне қайшы іс деп атады. Шын мәнінде Түркия Астана үдерісінде кепілгер ел болса да, үздіксіз шабуылдарымен Сирияның аумақтық тұтастығын бұзып отыр. Ал негізі  Астана үдерісінің ең маңызды өзегі – Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға берік болу.

18-ші отырыстағы басқа бір маңызды жайт: Ресейдің отырысқа қатысуы бұл елдің Сирия дағдарысын өзінің сыртық саясатының басты басымдықтарының бірі санайтынын көрсетеді. 24 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасай бастаған соң Ресейдің Сирияға назары азайғаны, Мәскеу өз күштерін Сириядан шығарып алуды көздейтіні туралы көптеген ақпараттар тарады. Ресей Президентінің өкілі Александр Лаврентьев «Астана үдерісі» отырысының басында: «Ресей Украинада арнайы әскери операция жүргізіп жатқанына қарамастан, Сирия мәселесін шешу осы елдің сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі болып қала береді»,-деді.

18-ші Астана үдерісінде 5 маңызды тақырып талқыланып жатыр. Соның ішінде Сирияны қайта жөндеуге көмектесу, сириялық босқындардың елге қайтып оралуын жеңілдету, Сирияның конституциясын дайындау үдерісіне жағдай жасау да бар.   

АҚШ-тың Сирияда заңсыз күш орналастырып, ДАИШ лаңкестік тобымен күресу сылтауымен осы елдің мұнайын ұрлауы да талқыланған тақырыптардың бірі болды. Израильдің Сирияға үсті-үстіне шабуыл жасауы – Астана үдерісінің тағы бір тақырыбы. Сионистік режим соңғы айларда түрлі сылтаулармен Сирияға қарсы шабуылдарды арттырып, Түркия және АҚШ-пен бірге сан рет Сирияның аумақтық тұтастығын бұзды. 

Тегтер