Маусым 16, 2022 17:44 Asia/Almaty
  • Екі француз тыңшының байланыстырушысы қамауға алынды

Иранның Барлау министрлігі екі француз тыңшының байланыстырушысы қамауға алынғанын хабарлады.

Иранның Барлау министрлігі: «Жұмысшылар ортасына іріткі салып, бүлік шығаруды көздеген екі француз тыңшының байланыстырушысы Ираннан қашып бара жатқанда ұсталды»,-деп мәлімдеді.  

Ұсталған адам жұмысшылар мен мұғалімдердің наразылық акцияларын біріктіріп, жалпыұлттық тәртіпсіздік пен бүлікке айналдыруды көздеген.

Қауіпсіздік күштері қарсылас топтардың жетекшілігімен Ираннан қашып бара жатқан күдіктіні ұстады.

Иранның түрлі әлеуметтік топтары мен кәсіподақ мүшелерінің заңды да қарапайым талаптарын қоғамдық тәртіпсіздік, тұрақсыздық пен бүлікке айналдыру мақсатында Иранға келген екі француз тыңшы бір ай бұрын қауіпсіздік күштері тарапынан анықталып, қамауға алынды.

Тегтер