Маусым 16, 2022 19:50 Asia/Almaty
  • Сирия туралы Астана үдерісінің он сегізінші отырысының қорытынды мәлімдемесі жасалды

Сириялық босқындарды елге қайтару тақырыбында өткен Астана үдерісінің он сегізінші отырысы Нұр-Сұлтан қаласында аяқталды.

Астана үдерісіндегі кепілгер елдер бейсенбі күні қорытынды мәлімдемеде Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтындарын білдірді.  

Қорытынды мәлімдеменің жалғасында: «Кепілгер елдер Сирияның егемендігін әлсірету мақсатында елді бөлшектеуді күн тәртібіне қоюға қарсы тұрып, кез келген формадағы лаңкестікке қарсы күресуді жалғастыруға шешім қабылдады»,-делінген.

Қорытынды мәлімдемеге сәйкес, кепілгер елдер Сирияда жазықсыз адамдардың өлтірілуіне әкеліп соқтыратындықтан бейбіт нысандарға лаңкестік шабуыл жасауды айыптап, ДАИШ пен ән-Носрат лаңкестік топтары  мен соларға қатысты басқа лаңкестік топтарды жою үшін әріптестікті үздіксіз жалғастыру керегін айтты.  

Тегтер