Қазақстан Ресеймен достық пен одақтастықты жалғастыруын қуаттады
(last modified Fri, 17 Jun 2022 12:38:45 GMT )
Маусым 17, 2022 18:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ресеймен достық пен одақтастықты жалғастыруын қуаттады

Қазақстан Президенті өз елінің Ресеймен достығы мен одақтастығын жалғастыратынын қуаттады.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында: «Президент ретінде Ресеймен шынайы достық қарым-қатынасты сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Әрине, әлемдегі жағдай күрделі және үнемі өзгеріп отырады. Қазір болып жатқан оқиғаларды отыз жыл бұрын елестету мүмкін емес еді. Бірақ менің ойымша, Қазақстан мен Ресей арасындағы достық тұрақты сипатқа ие және оны мәңгілік деп те айтуға болады»,- деді.

Сұхбатының тағы бір бөлігінде Қазақстан Президенті Ресейдегі кейбір адамдардың «қаңтарда Ресей Қазақстанды құтқарды, енді  Нұр-Сұлтан  бас иіп, әрқашан  Мәскеудің қызметінде болуы керек» деген пікірлеріне назар аудартып: «Бұл дәлелді мүлдем ақтауға болмайды және шындықтың елесі»,- деп айтты.  

 

Тегтер