Маусым 17, 2022 21:14 Asia/Almaty
  • Астана үдерісінің 18-ші отырысы

Сирия жөніндегі Астана үдерісінің 18-ші отырысы бұл елдің егемендігін сақтауды қуаттаумен аяқталды.

Бұл кездесуге қатысты бірнеше тақырып бар. Біріншіден, соңғы үш жылда күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі ретінде конституцияны реттеу мәселесі қолға алынғанымен, әзірге нақты қорытынды жасалған жоқ. Мұның әртүрлі себептері бар, бірақ ең маңыздыларының бірі – Астана үдерісіне кепілдік беретін үш ел, атап айтқанда Ресей, Иран және Түркия арасында жаңа конституцияны әзірлеуге қатысты келіспеушілік бар. Сондай-ақ соңғы 11 жыл бойы майдандағы өзгерістерде  жеңіліске ұшыраған Сирия режиміне қарсы әрекет етушілер, әсіресе АҚШ  майдандағы өзгерістер мен Сирия режимінің билігін елемей, Астана үдерісінде оппозициялық топтар арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруға талпынуда. Екіншіден, Астана отырысының қорытынды мәлімдемелерінде айтылған мәліметтер мен майданда болып жатқан істер арасында анық қайшылық бар. 18-ші саммиттің қорытынды мәлімдемесінде Астана үдерісінің кепілдері Сирияның егемендігі, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына берік ұстанымдарын қуаттады. Іс жүзінде Түркия үкіметі Сирия жерінің бір бөлігін ресми түрде өз бақылауына алып, Сирия үкіметінің сан рет білдірген наразылығына қарамастан, бұл елдің егемендігін құрметтемейді және Сирияға қарсы шабуылдар жасайды. Үшіншіден, 18-ші отырыстың қорытынды мәлімдемесі Сирияға қауіп төндіретін тізімге әкелді. 18-ші отырыстың қорытынды мәлімдемесінде терроризм, заңсыз автономия және сепаратизм бастамалары, бейбіт тұрғындарға қысым көрсету, күштеп әскерге шақыру, сондай-ақ Сирия мұнайын заңсыз басып алу және тасымалдау Сирияның ілгерілеуіне төнген ең маңызды қауіп-қатерлер көрсетілді. Төртіншіден, 18-ші отырыстың төртінші тақырыбы – қорытынды мәлімдемесінде сионистік режимнің Сирияның азаматтық нысандарына қайта-қайта шабуыл жасауын айыпталды. Израиль жақында Дамаск әуежайын зымыранмен нысанаға алды. Қорытынды мәлімдемедегі сионистік режимді айыптау Мәскеу мен Тель-Авив арасындағы Сирияға қатысты келіспеушіліктердің артуына негізделген. Бесіншіден, терроризмнен кейінгі атмосферада және Сирияның құрылыс дәуірінде өтіп жатқан Астана отырысы әсіресе, гуманитарлық көмек саласында нәтижелі болуы үшін БҰҰ мен Батыс үкіметтерінің шынайы ерік-жігерін қажет етеді.

 

Тегтер