Ресей: Украинаның бұрынғы шекараларына оралуы мүмкін емес
(last modified Sat, 18 Jun 2022 09:25:09 GMT )
Маусым 18, 2022 15:25 Asia/Almaty
  • Ресей: Украинаның бұрынғы шекараларына оралуы мүмкін емес

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Украинаның бұрынғы шекараларына оралуы мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Мария Захарова  араб Sky News желісіне берген сұхбатында: «Сіз және біз білетін  және бұрынғы  шекарада болған Украина енді жоқ және ешқашан болмайды. Бұл айқын тақырып»,- деді.

Луганск аймағының басшысы Леонид Пасечник Ресейге қосылу туралы референдум өтетінін мәлімдеді. Бұған қоса, наурыз айының ортасынан бері Ресейдің бақылауында болған Херсон облысының басшылары бұл аймақтың Ресейге қосылуға ұмтылып жатқанын бірнеше рет қуаттады. Запорожье аймағының жоғары лауазымды басшысы да аймақ Ресейге қосылып, оңтүстік федералдық округінің бір бөлігі болуға үміттенетінін айтты.