Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы - аймақтық ынтымақтастықтың сәтті үлгісі
(last modified Sat, 18 Jun 2022 10:46:59 GMT )
Маусым 18, 2022 16:46 Asia/Almaty
  • Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы - аймақтық ынтымақтастықтың сәтті үлгісі

Түрікменстанның Қаржы және экономика министрі Еуразиядағы сауда ынтымақтастығының сәтті үлгісі ретінде елдің Қазақстан және Иранмен арадағы темір жолын атады.

Мұхамметгелді  Сердаров  Санкт-Петербург халықаралық конференциясында: «Бұл темір жол Еуразиядағы көршілес елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейту үшін жақсы перспектива ашады»,- деді.

Ұзындығы 926 шақырымды құрайтын Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолы 2014 жылдың желтоқсан айында қолданысқа тапсырылды. Ол ашылғаннан кейін Қытай да жолға қосылып, 2016 жылдан бері осы дәліз арқылы контейнерлік пойыздар жүріп жатыр. Сондай-ақ 2021 жылдың 26 ​​қарашасында ИИР, Түрікменстан және Қазақстан (KTI ) үш елі арасында Қазақстаннан Түрікменстанға және одан Иранға теміржол жүк тасымалының көлемін ұлғайту мақсатында үш жақты теміржол меморандумына қол қойылды. Иран-Түркіменстан-Қазақстан халықаралық теміржолының 80 шақырымы Иранда, 700 шақырымы Түркіменстанда, 146 шақырымы Қазақстанда.

 

Тегтер