Амир Абдуллахиан: Сионистік режим - аймақтағы барлық террор мен бүлдіргі əрекеттердің себепкері
Иран Сыртқы істер министрі БАƏ Сыртқы істер министрімен сұхбатында сионистік режимді аймақта тұрақсыздық пен бейберекеттік, террор мен бүлдіргі əрекеттердің себепкері деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Амир Абдуллахиан жексенбі кешке шейх Абдулла бен Заидпен сұхбатында Иранның сыртқы саясатында көршілес елдердің басымдыққа ие екеніне тоқталып, екі ел басшылары арасында екіжақты кездесу мен кеңесулерді арттыру керегін айтып: "Бұл екі елдің қарым-қатынасын дамытуға жағдай жасайды",-деді.
Шейх Абдулла бен Заид əл-Нахиан да осы телефон арқылы сұхбатында: "БАƏ өз территориясынан ешкімге көршілес елдерге қарсы бүлдіргі əрекеттер жасауға жəне олардың қауіпсіздігін бұзуға рұқсат бермейді",-деді.