Обама: Әскери келісімдер жасалмай Сирияда қауіпсіз аймақ орнату қиын болады
(last modified Mon, 25 Apr 2016 08:41:32 GMT )
Сәу 25, 2016 14:41 Asia/Almaty
  • Обама: Әскери келісімдер жасалмай Сирияда қауіпсіз аймақ орнату қиын болады

АҚШ Президенті әскери келісімдер жасалмай Сирияда қауіпсіз аймақ орнату қиын болады деп мәлімдеді.

Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама Германия Канцлерімен Ганновер қаласында өткізген ортақ ақпарат брифингінде әскери келісімдер жасалмай Сирияда қауіпсіз аймақ орнату қиын болатынын айтты. Ол Сириядағы қақтығыстардың жалғасуына алаңдаушылық білдіріп: «Қай мемлекет Сирияға өзінің үлкен әскери күшін орналастыруға дайын?»- деген сұрақ қойды. Обама Сирия дағдарысының саяси келіссөздер арқылы шешілетінін қуаттап, Германияны ДАИШ-ке қарсы коалициядағы маңызды серігі деп атады.

АҚШ Президенті Германия мен «алтылық» тобының Иранның ядролық мәселесіне қатысты келіссөздерге қатысуына алғыс айтып: «Ядролық мәселеге қатысты келісім Иранмен соғысуға тосқауыл қойды» деген уәж айтты.

Германия Канцлері Ангела Меркель де Обамамен әртүрлі мәселелер, соның ішінде Сириядағы жағдай туралы пікір алмасып, екі жақтың Сирия дағдарысын тоқтату үшін саяси жолдарды табу қажет деп санайтындықтарын мәлімдеді.