Маусым 24, 2022 17:23 Asia/Almaty
  • Кремль баспасөз өкілі: Путин міндетті түрде Иранға барады

Кремль өкілінің айтуынша, Ресей президенті белгілі бір уақытта Иранға барады, бірақ сапардың нақты күні әлі белгісіз.

 

Кремль баспасөз өкілі Дмитрий Песков ТАСС агенттігіне: «Владимир Путин белгілі бір уақытта Иранға барады, бірақ оның сапарының нақты күні әлі белгісіз»,- деді. Путиннің Иранға сапары және Астана саммитіне қатысу мүмкіндігі туралы сұраққа Кремль баспасөз өкілі: «Ресей президенті міндетті түрде Теһранға барады»,- деп жауап берді.

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Иран, Ресей және Түркия саммитінің Теһранда өтетініне үміт білдірді. Ол: «Бұл саммит коронавирус пандемиясына дейін жарияланған, бірақ содан бері шара бірнеше рет кейінге шегерілді»,- деді.


 

 

Тегтер