Ауғанстан жаһандық көмекке мұқтаж
(last modified Fri, 24 Jun 2022 12:42:29 GMT )
Маусым 24, 2022 18:42 Asia/Almaty
  • Ауғанстан  жаһандық көмекке мұқтаж

Ауғанстан жаһандық көмекке бұрынғыдан көбірек мұқтаж. Хост провинциясында өте ауыр қаржылық және адам шығынын әкелген жер сілкінісі жедел жәрдемді қажет еткізді.

 

Батыстың, әсіресе АҚШ-тың Ауғанстанға қатысты нақты ұстанымдарын ескере отырып, бұл ел олардың көмегін аз күтуде. Бірақ Ауғанстан халқы Ислам Ынтымақтастық Ұйымынан ислам елдерінің ұйымы ретінде Ауғанстанның езілген халқын құтқару үшін қаржылай көмек жіберу үшін қажетті мүмкіндіктер мен үйлестіруді жұмылдыруын күтуде.

Суруш Амири, Ауғанстан бойынша сарапшы: «Батыс Ауғанстанды саяси себептермен ұмытып, оның жағдайына мән бермеген жағдайда, ислам елдері Ауғанстан халқына көмектесу үшін ауыр жауапкершілікке ие және жай ғана мәлімдеме жасаумен ғана қанағаттанбауы керек»,- деді.

Ауғанстан халқы көптеген экономикалық және тұрмыстық проблемалармен бетпе-бет келіп қана қоймайды, сонымен бірге олар көмек көрсету жағынан да қиын жағдайда. Демек, ауған халқының көрген азаптарына дүниенің көзін жабу – кешірілмейтін қылмыс. Өйткені бұл елдегі адами мәселелер саяси мәселелерге байланбауы және миллиондаған мұқтаж жандарды көмексіз қалдыруға болмайды. АҚШ-тың бұл мәселедегі немқұрайлылығы Ауғанстандағы гуманитарлық апат алдындағы өзінің жауапсыздығын көрсетті. 

Әли Вахиди, ауған сарапшысы: «АҚШ ешқашан ауған халқының жағына шыққан емес және ауған халқына өзінің отарлау саясатына сәйкес ғана қарады. Қазірдің өзінде ауған халқының дүние-мүлкін тәркілеу арқылы Вашингтон Ауғанстан халқының жағдайының ол үшін маңызды емес екенін көрсетті»,- деді.

Дегенмен, әсіресе соңғы жер сілкінісінен кейін ең қиын жағдаймен бетпе-бет келген Ауғанстан халқы көмекке бұрынғыдан да зәру және  Ауғанстан халқы басқа елдерге қарағанда ислам елдерінен көбірек күтеді. Сонымен қатар, Ауғанстан халқы елдің көршілері мен  экономикалық пайда іздеген елдер басқаларды сынамай, зардап шеккендерге көмектесу үшін Ауғанстанға көмек жібереді деп күтуде. Өйткені бұл жағдайда Ауғанстан халқы бос жанашырлықты қажет етпейді, олар досы мен жауын жақсы таниды.