Рухани: Әртүрлі мемлекеттер Иранмен келісім жасау саласында бәсекелесуде
ИИР Президенті әртүрлі мемлекеттердің Иранмен ынтымақтастық келісім жасау саласында бәсекелесіп жатқандары туралы хабарлады.
Иран Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ИИР Президенті Хасан Рухани жексенбі күні Иран мен Оңтүстік Африка елдерінің жоғары лауазымды қайраткерлерінің ортақ отырысында Оңтүстік Африка Президентінің Теһранға сапарын екі елдің әртүрлі салалардағы, соның ішінде экономикалық, саяси, мәдени, ғылыми және халықаралық салалардағы ынтымақтастықтарын жылдамдатудың басталуы деп атады. Иран Президенті екі ел халықтарының жақсы байланыстары мен және Иран мен Африка ұлттық конгресінің апартеид режиміне қарсы күрес кезіндегі ынтымақтастықтарын екі жақтың қарым-қатынастарын кеңейту үшін жақсы негіз деп атап: «ИИР Оңтүстік Африка халқы апартеид режиміне қарсы күрескен кезеңде хақ талап еткен күрестің төтенше маңыздылығына байланысты тіпті өзінің материалдық мүдделерін де ойламастан, ОАР халқының қасынан табылды» деді.
Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зума ынтымақтастық меморандумдарына қол қоюды достық және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға себеп болады деп бағалап: «Оңтүстік Африка ИИР-ның аймақтағы рөліне толығымен сенімді»,- деді.