Қазақстанға тауар экспорттауда Ресей бірінші орында
(last modified Sun, 03 Jul 2022 08:56:08 GMT )
Шіл 03, 2022 14:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанға тауар экспорттауда Ресей бірінші орында

Қазақстанға тауар экспорттауда Ресей бірінші орынға шықты.

 

Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 24 миллиард екі жүз миллион долларға жетіп, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 5 миллион долларға артқан.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, қазақстандық ақпарат құралдары кеше (сенбі) соңғы бес жылда Ресейдің Қазақстанға импорттық тауарлардың негізгі жеткізушісі болғанын хабарлады. Бұл есеп бойынша, соңғы жылдары Ресей Қазақстанға импорттық тауарлардың негізгі жеткізушісі болып, соңғы жылы елдің жалпы импортының 42 пайыздан астамын құрай алған.

 

Тегтер