Македония Сыртқы істер министрі Лариджанимен кездесті
(last modified Mon, 25 Apr 2016 09:15:26 GMT )
Сәу 25, 2016 15:15 Asia/Almaty
  • Македония Сыртқы істер министрі Лариджанимен кездесті

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы мәдениетті халықтарды бір-біріне жақындататын ең маңызды факторлардың бірі деп атады.

Иран Мәжілісі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Македония Сыртқы істер министрі Никола Попоскимен кездесуінде екі елдің тарихи қарым-қатынастарына тоқталып: «Мемлекеттер өз мәдениеттерін басқа халықтарға таныстыру арқылы бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, ынтмақстастықтарын кеңейте алады»,- деді.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы туристік сапарларды Иран мен Македония арасындағы қарым-қатынасты дамытатын факторлардың бірі деп атап: «Иран мен Македония – дос мемлекеттер. Бұл екі ел туристерді қызықтыратын көптеген тартымдылықтарға ие. Сол себепті туристік агенттіктер осы саланы дамыта алады»,- деді.

Македония Сыртқы істер министрі де: «Македония Иранмен қарым-қатынастарын дамытуға ынталы әрі осы мақсатта әртүрлі жұмыстар жасады. Парсы тілін үйрететін курстар ашып, ирандық ақындардың өлеңдерін аудару, сонымен қатар ирандық фильмдер фестивалі мен Иран мәдениетінің күнін өткізу Македонияда ұйымдастырылған шаралардың қатарын құрайды» деді.