АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды
(last modified Thu, 07 Jul 2022 11:48:23 GMT )
Шіл 07, 2022 17:48 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар салды

АҚШ Қаржы министрлігі сәрсенбі күні кешке Иранға қарсы санкциялар тізіміне бірнеше адам, компания және кеменің атын қосқанын хабарлады.

Fars news агенттігінің хабарлауы бойынша, Американың жаңа санкцияларының (SDN) тізіміне 2 жеке тұлға, 13 компания және 2 мұнай танкерінің атауы енгізілді.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі мәлімдеме жасап, ирандық компаниялардан мұнай және мұнай-химия өнімдерін Шығыс Азияға тасымалдау мен сатуды жеңілдету үшін жасанды компанияларын пайдаланған жеке тұлғалар мен компаниялар желісіне санкция салғанын хабарлады.

АҚШ үкіметі ИИР-на қарсы экономикалық соғысты ілгерілету үшін түрлі сылтаулармен көптеген жылдар бойы Теһранға қарсы санкциялар салып келеді.