Ислам революциясының жетекшісі: Үстемшіл Батыс бүкіл әлемде күннен-күнге әлсіреді
(last modified Fri, 08 Jul 2022 08:57:35 GMT )
Шіл 08, 2022 14:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Үстемшіл Батыс бүкіл әлемде күннен-күнге әлсіреді

Ислам революциясының жетекшісі әл-Харам қажыларына жолдауында: «Үстемшіл Батыс біздің сезімтал аймақта және соңғы уақытта бүкіл әлемде күннен-күнге әлсіреді»,- деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осы жолдауда: «Бүгінгі таңда либерализм мен коммунизм батыс өркениетінің ең маңызды сыйы ретінде бұдан жүз жыл бұрынғы және елу жыл бұрынғы келбетке ие емес. Батыстың ақшаға бағытталған демократиясының беделі күрделі сұрақтармен бетпе-бет келіп тұр, ал батыс ойшылдары адасудан зардап шегетінін мойындайды»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеи: «АҚШ-тың және оның қылмыстық сыбайласының, яғни аймақтағы басып алушы режимнің күйзелісі мен сәтсіздігін Палестина, Ливан, Сирия, Ирак, Йемен және Ауғанстандағы оқиғалар сахнасынан анық көруге болады»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі исламдық ояну мен исламдық хабардар болудын дамуы және таңырқататын қарсыласу құбылысының пайда болуына тоқталып: «Палестина сахнасы осы таңғажайып құбылыстың бір көрінісі. Ол сионистік режимді агрессивті және қанды режимнен қорғаныс пен пассивтілікке жеткізіп, оған қазіргі айқын саяси, қауіпсіздік және экономикалық қиындықтарды жүктей алды. Қарсыласудың басқа да жарқын мысалдарын Ливан, Ирак, Йемен және басқа жерлерден анық көруге болады»,- деп айтты.

Аятолла Хаменеи  бүгін әлемнің исламдық Ирандағы исламның қуаты мен саяси егемендігінің сәтті және мақтаныш үлгісіне куә болып отырғанына назар аудартып: «Бұл негізгі қағидалардың тізбесінің басында заң шығару мен жүзеге асырудағы Исламның билігі, елдегі ең маңызды басқару мәселелерде халықтың пікіріне сүйену, толық саяси тәуелсіздік және зорлық-зомбылық көрсететін күштерге сенімсіздік білдіру. Міне, дәл осы қағидалар мұсылман елдері мен үкіметтері арасында ортақ келісімнің орны бола алады және Ислам үмбетінің бағдарлары мен ынтымақтастығын біріктіреді»,- деп мәлідеді.

Ислам революциясының жетекшісі бірлік пен руханилықты қажылықтың екі негізгі негізі және Ислам үмбетінің абыройы мен бақытының екі факторы деп атап: «Ислам әлемі жігерлі жастарға толы және болашақты құрудың ең үлкен капиталы - үміт пен өзіне деген сенімділік. Бұл ислам әлемі, әсіресе аймақ елдерінде айқын көрінеді. Сондықтан осы капиталды сақтау және арттыру бәріміздің міндетіміз»,- деп баса айтты.

 

Тегтер