Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестікті нығайтуды қуаттады
(last modified Wed, 13 Jul 2022 10:45:26 GMT )
Шіл 13, 2022 16:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптестікті нығайтуды қуаттады

Қазақстан мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауы бойынша, бұл телефон сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев  пен  Владимир Путин  стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту ниеттеріне қоса, 17 маусымда Санкт-Петербургте екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің маңызды тақырыптарын талқылады. Осы хабарламаға сәйкес, екі тарап та Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға, коммерциялық, экономикалық және энергетикалық салалардағы жекелеген жобаларды үздіксіз жүзеге асыруға ұмтылысын растады.

 

Тегтер