Иран мен Ресей коммуникация мен ақпараттық технология саласында өзара ынтымақтастықты арттырады
https://itolqyn.com/news/world-i62638
Иранның Байланыс және ақпараттық технология министрі өзінің ресейлік әріптесімен кездесуінде: «Иран мен Ресей арасында ынтымақтастық құжаттарына қол қойылғаннан кейін коммуникация және ақпараттық технология саласында екіжақты әріптестік дамиды»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 22, 2022 19:35 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей коммуникация мен ақпараттық технология саласында өзара ынтымақтастықты арттырады

Иранның Байланыс және ақпараттық технология министрі өзінің ресейлік әріптесімен кездесуінде: «Иран мен Ресей арасында ынтымақтастық құжаттарына қол қойылғаннан кейін коммуникация және ақпараттық технология саласында екіжақты әріптестік дамиды»,-деді.

Иса Зарепур өзінің ресейлік әріптесімен кездесіп, кеңесіп, ақпараттық технология және коммуникация саласында бірнеше ынтымақтастық құжатына қол қойғаннан кейін: «Иранның іргелі ғылымға негізделген компаниялары бұдан былай Ресей нарығында белсенді іс атқаратын болады»,-деді.

Зарепур Иран мен Ресей компаниялары арасындағы онлайн отырыстардың екі ел қарым-қабілеттері мен әлеуеттерін анықтау мақсатында екі ай бұрын басталғанын айтып: «Иранның 18 қарымды компаниясы үш күннен бері Мәскеуде жүр. Ресейдің тиісті компанияларымен бетпе-бет отырыстарда өте жақсы келісімдерге келді»,-деді.

Иранның Байланыс және ақпараттық технология министрі мен Ресейдің Цифрлық даму және бұқаралық коммуникация министрінің келіссөзі аясында екі ел компаниялары арасында 4 ынтымақтастық құжатына және екі министрлік арасында бір құжатқа қол қойылды.