Шіл 26, 2022 18:33 Asia/Almaty
  • Ердоған Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыруға бейіл білдірді

Түркия Президенті Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыруға бейілді екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Режеп Тайып Ердоған TRT арнасына берген сұхбатында көршілес елдермен сауда туралы: "Көршілес елдермен екіжақты сауда қарым-қатынас пен әріптестік жалғасатын болады. Анкараның мақсаты – Ираннан сатып алатын мұнай мен газ көлемін арттыру",-деді.

Теһран жуырда Ибрахим Раиси мен Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен Иран-Түркия ынтымақтастығы жоғары кеңесінің отырысы өтті.

Теһран мен Анкара Ираннан Түркияға газ экспорты туралы келісімді алдағы 25 жылға ұзартты. Тараптар газ экспортын аттыруды күн тәртібіне қойып отыр.  

 

Тегтер