Шіл 26, 2022 20:51 Asia/Almaty
  • Ирандық зерттеушілердің әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жасауға атсалысуы – Иранның ғылыми дамуының белгісі

Иранның іргелі ғылым институтының астрономдарынан тұратын командасы түрлі елдердің ғалымдарымен бірге әлемдегі ең үлкен радиотелескоп жасау жобасына қатысып жатыр. Бұл радиотелескоп "Джеймс Уэбб" ғарыш телескопынан 100 есе анық көрсететін болады деседі.

Иранның іргелі ғылым институтының астрономия департаментіне қарасты ғылыми кеңес мүшесі әрі Халықаралық обсерватория жұмыс тобының(SKA)  мүшесі доктор Фатима Табатабаи – әлемдегі ең үлкен радио телескоп жасау жобасының халықаралық ғылыми жұмыс топтарының бірінің директоры әрі зерттеушісі. Жуырда бір топ зерттеу жүргізіп, бұл обсерваторияның алғашқы ғарыштық заманға тиесілі қарапайым спиральді галактикаларды зерттеу және анықтаудағы қарым-қабілетін талдады.

Обсерватория немесе шаршы километр өрнегі (SKA) – үкіметаралық радиотелескоп жасау жобасы. Ол Аустралия және Оңтүстік Африка елдерінде салынады деп жоспарлануда. Оның жалпы ауданы шамамен 1 шаршы километр болады. Бұл халықаралық обсерватория 21 ғасырдағы ең үлкен халықаралық нысандардың бірі болмақ. Технологиялық инновацияларға байланысты бұл обсерватория қазіргі радиотелескоптардан 10 мың есе артық жылдамдықпен және 50 есе артық сезімталдықпен ғарыштан ақпарат жинап, тіркеуге қабілетті болмақ.

Ирандық зерттеушілер мен ғалымдардың әлемдегі ең үлкен радиотелескопты жасап, дамытуға атсалысуы түрлі зерттеу салаларындағы Иранның ғылыми қарым-қабілетін көрсетеді.

Шын мәнінде Иран Ислам революциясы жеңіске жетіп, ИИР жүйесі орнағаннан  кейінгі 40 жылда ғылым мен университетті дамыту саласында үлкен қадмдар жасады. ИИР революциядан кейінгі 44 жылдың ішінде қол жеткізген жетістіктерінің мол болғандығы соншалықты, тіпті дұшпандар мұны теріске шығара алмай, мойындады. Иранның ғылыми жетістіктері мен кейбір заманауи технологияларға қол жеткізуі баршаны таңғалдырды. Ал Батыс елдері, соның ішінде АҚШ-ты қатты алаңдатты. Сондықтан олар түрлі сылтаулармен, соның ішінде ядролық тақырыпты пайдаланып, Иранға қарсы қысымдар, бүлдіргі әрекеттер мен санкцияларды күшейтті.

Қоғамның ғылыми деңгейін жоғарылату, сауаттылық деңгейін арттыру, мектептер мен университеттердің ғылыми орталықтарын дамыту, түрлі ғылыми салаларда студенттер санын көбейту, Иранның ғылыми мақалалар мен сілтемелер саны бойынша жоғары орынға ие болуы, нанотехнология, атом, ғарыш және діңгекті жасушалар салаларында көп жаңалықтар тіркеу – осының барлығы ИИР-ның ең маңызды ғылыми-технологиялық жетістіктерінің қатарына жатады.  

Тегтер