Сирияда атысты тоқтату бітімін орнату туралы келісім жасалды
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Сирияда атысты тоқтату бітімін орнатуға қатысты келісім жасалғанын хабарлады.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Амир Абдоллахиан бейсенбі күні кешке Мюнхенде Сирия дағдарысын шешуге арналған халықаралық топтың отырысы аяқталғаннан кейін: «Лаңкестік топтардың қол астындағы жерлерден басқа Сирияның барлық елді мекендерінде атысты тоқтату бітімін орнатуға келісім жасалды. Алдағы 2-3 күнде атысты тоқтату бітімін орнату және Сирияның барлық аймақтарына, соның ішінде Фуе, Кафриа мен Забадани қалаларына гуманитарлық жүктерді жіберу Мюнхен отырысында талқыланған мәселелердің бірі болды»,-деді.
Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Мюнхен отырысындағы түйткілдерге тоқтала келіп: «Лаңкестік топтардың тізімі әлі анықталған жоқ. Мұнымен қатар кейбір тараптар бұрынғысынша өздерінің қате саясаттарын жалғастырып отыр»,-деді.
Амир Абдоллахиан, сондай-ақ, Женевада сириялықтардың диалогының қайта басталғанын хабарлады.
Мюнхеннің 52-ші қауіпсіздік конференциясы 12-14 ақпанда өтеді. Осы конференцияға әлем елдерінің 23 басшысы мен ондаған министр, соның ішінде Иран мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлері қатысады деп жоспарлануда.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Сирияға қатысты Мюнхен отырысы мен 52-ші қауіпсіздік конференциясына қатысу үшін Германияға аттанды.