Иранның әскери кемелері Ресей теңіз күштерінің парадына қатысады
(last modified Sun, 31 Jul 2022 13:29:18 GMT )
Шіл 31, 2022 19:29 Asia/Almaty
  • Иранның әскери кемелері Ресей теңіз күштерінің парадына қатысады

Ақпарат көздері Иран әскери кемелерінің Каспий теңізінде Ресей теңіз күштерінің парадына қатысатынын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауынша, Иран теңіз күштері алғаш рет алдағы жұмада Дағыстанның Каспий аймағында Ресей теңіз күштерінің күніне орай өтетін әскери парадқа қатысады.

Big Asia веблогының хабарлауынша, биыл Иран мен Әзірбайжанның теңіз күштеріне қарасты әскери кемелер алғаш рет осы парадқа қатысады.

Ресейдің Каспий флоты қолбасшысының орынбасары бірінші капитан Сергей Ракаускас: "Биыл теңіз күштерінің әскери шеруіне 26 кеме мен әскери қайық, 15 техникалық қолдау кемесі, 900-ден аса әскери қызметкер мен 4 ұшақ қатысады",-деді.