НАТО Украинаға шетелдік жалдамалыларды жіберуде жасырын рөл ойнап отыр
(last modified Mon, 01 Aug 2022 14:59:39 GMT )
Там 01, 2022 20:59 Asia/Almaty
  • НАТО Украинаға шетелдік жалдамалыларды жіберуде жасырын рөл ойнап отыр

Ресей СІМ-дегі бір шенді: "НАТО-ның бірнеше мүшесі Киевтің Мәскеумен қақтығыста шетелдік әскерилерді жалдауға талпыныстарын қолдауда жасырын рөл ойнайды",-деді.

Мәскеу басшыларының айтуынша, Украинада арнайы әскери операция басталғалы бері бұл елге шамамен 7 мың жалдамалы келген. Олардың ең көбі Польшадан (1831 адам), Канададан (601 адам), АҚШ-тан (530 адам), Румыниядан (504 адам), Ұлыбританиядан (422 адам) болған.  

Ресей СІМ-нің Жаңа қауіп-қатерлер мен түйткілдер департаментінің басшысы Владимир Тарабрин Russia Today агенттігіне берген сұхбатында: "Мәскеу НАТО-ға мүше кейбір елдердің қолдауымен Украина басшыларының өз әскеріне көмектесу үшін шетелдік азаматтарды жалдап жатқанын жіті бақылап отыр",-деді.  

Ресей Қорғаныс министрлігі өткен айда: "Қазір 2741 шетел азаматы соғысып жатыр. Олардың көбі қаза тапты немесе елдеріне қайтты",-деп мәлімдеді.