Сәу 25, 2016 21:47 Asia/Almaty
  • Иранның Уругваймен қарым- қатынасын кеңейту қажетттігі қуатталды

Иран президентінің бірінші орынбасары үшінші елдің қатысуынсыз Иран мен Уругвай арасында сауда- саттық және экономикалық тікелей қарым- қатынас орнату қажеттігін қуаттады.

Иран президентінің бірінші орынбасары Исхақ Жаһангири Теһранда Уругвай президентінің орынбасары Рауль Сендикпен өткен ақпарат отырысында: «Иран Оңтүстік Америка елдерімен, әсіресе Уругваймен ынтымақтастықтарды кеңейтуге еш шектеу қоймайды» деді.

Исхақ Жаһангири Иран мен Уругвай байланыстарын кеңейтуді аса маңызды деп атап: «Жедел түрде бірлескен комиссиялар құруға және ветеринария, банк және қаржы мәселелері салалары бойынша тиісті келісімшарттарды қорытындылап, қол қою туралы келісім жасалды» деді.

Рауль Сендик те өзі бастаған делегацияның Иранға жасаған сапарына ризалық білдіріп, осы сапардың Иран мен Уругвай қоғамының дамуы мен игілігі мақсатында қарым- қатынастарды кеңейту мен тереңдетуге негіз болатындығына үміт білдірді.

Тегтер